БҚО-да көктайғаққа байланысты республикалық жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қатты көктайғаққа байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 18.00-ден бастап осындай шешім қабылданды.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (Подстепный ауылы - Ақтөбе облысы), Атырау-Орал, Подстепный-Федоровка-РФ шекарасы және Подстепный-Орынбор облысы бағытында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сонымен қатар облыс аудандарына апаратын Чапаев-Жалпақтал-Қазталов, Қазталов-Жәнібек, Өнеге-Бисен-Сайқын жолдары да жабылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын көктайғаққа байланысты өңірде барлық жолдардың жабылғанын, ауа райына орай ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар