+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

БҚО-да кісі өлтірген 39 жастағы күдікті ұсталды

2019 жылғы 9 қазан 01:15
Бөлісіңіз:
БҚО-да кісі өлтірген 39 жастағы күдікті ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-да кісі өлтірді деген күдікпен 39 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да балық аулаймын деп, мұздың астына түсіп кеткен екі адам құтқарылды Аустралияны шаңды дауыл басты, ормандар өртеніп жатыр Қандала шыққан мектеп директоры жұмыстан кетті -Ақтау

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Шыңғырлау ауданында болды.

Биылғы 19 қыркүйекте Шыңғырлау ауылының тұрғыны (әйел) 1962 жылғы бауырының жоғалып кеткені жөнінде полицияға жүгінген.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге жұртшылық өкілдері, еріктілер қатысты.

Ақыры 1 қазан күні тәртіп сақшылары ауылдағы орман арасынан зорлық-зомбылық белгілерімен аталған азаматтың мүрдесін тапты.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы аяғынан тік тұрды.

Соның нәтижесінде 3 қазан күні күдікті анықталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес уақытша оқшаулау изоляторына жатқызылды. Бір күннен кейін ол Шыңғырлау аудандық сотымен тұтқындалды.

Күдікті жұмыс жасамайтын, бұрын сотталмаған осы ауданның 1980 жылғы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да орман арасынан ер адамның мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT