БҚО-да кісі өліміне соқтырған екі жол оқиғасы тергелуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында кісі өліміне соқтырған екі жол-көлік оқиғасы тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 29 мамыр күні сағат 02.20-да «ВАЗ-2170» автокөлігі Оралдағы Еуразия көшесімен келе жатып, «Сити центр» сауда орталығына қарсы беттегі электр бағанына соғылған. Қатты соққыдан автокөлік аударылды. 1997 жылғы жүргізуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Сол күні сағат 09.20 шамасында «Орал-Атырау» жолының 240-шақырымында 1975 жылғы Өзбекстан азаматы «Chevrolet Orlando» көлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, «КамАЗ» жүк көлігіне соғылған. Салдарынан «Chevrolet Orlando» автокөлігінде отырған өзбекстандық жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмған.

Қазіргі кезде екі оқиға бойынша да ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Соңғы жаңалықтар