+7 (701) 759 90 19
USD 405.66 EUR 454.70
RUB 5.71 CNY 57.43
Jańalyqtar

БҚО-да киік мүйіздерін тастап қашқан браконьер 3 күннен кейін ұсталды

2020 жылғы 7 маусым 14:54
Бөлісіңіз:
БҚО-да киік мүйіздерін тастап қашқан браконьер 3 күннен кейін ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 280 дана киік мүйізін тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан алынған мәліметке қарағанда, 4 маусым күні сағат 23.30 шамасында Атырау-Орал жолының Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында «Suzuki Grand Vitara» автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру кезінде күдікті көлігімен Оралға қарай қашып кеткен.

«Оқиға орнын қарау кезінде 280 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - делінген «Охотзоопром» ақпаратында.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, көлік рулінде 33 жастағы азамат болған. Ол Атырау-Орал жолының 382-шақырымында бұрылып, далалық жолға түскен. Сол жерде өзінің құжаттарын тастап кеткен.

7 маусым күні жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның жүрген орнын анықтап, қолға түсірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 227 дана киік мүйізін сатпақ болғандардың сотталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT