USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

БҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті (ФОТО)

2016 жылғы 1 шілде 00:57
Бөлісіңіз:
БҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол ережесін өрескел бұзушылықтың алдын алу бағытында 27-30 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара мақсаты - адам өліміне соқтыратын жол апаттарын барынша болдырмау және облыс аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осы мақсатта түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, «ОралАвтоТранс» ЖШС жүргізушілерімен кездесу өткізіліп, онда қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөнінде айтылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы соңғы өзгерістер түсіндіріліп, апат болған жерлерден бейнекөрініс көрсетіліп, жүргізушілер арасында көрнекі құрал таратылды. Барлығы елу шақты жүргізуші қатысқан кездесуде соңғы үш жыл бойы жол ережесін бұзбағандар ынталандырылды.

Айта кетейік, биылғы бес айда облыс аумағында 155 жол-көлік оқиғасы тіркелсе (өткен жылғыдан 1 дерекке аз), соның салдарынан 35 адам қаза тапты, бұл 47,8 пайызға көп, 188 адам түрлі жарақат алды (13,8 пайызға кем). Балалардың қатысуымен 28 оқиға (15,2 пайызға төмен) орын алып, соның салдарынан 5 бала (5 пайызға көп) көз жұмды, 30-ы (21,1 пайызға аз) жарақат алды.

Маусым айын қоса есептегенде, жол апаттарынан мерт болғандар саны 41-ге жетіп отыр.

Облыс аумағында 34675 жол ережесін бұзушылық тіркеліп, 215 540 782 теңге әкімшілік айыппұл салынса, соның 149 629 571 теңгесі өндірілді.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 25285 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

null null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT