БҚО-да қатты жел соғып, бұршақ жауады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 12 шілде күні күшті жел тұрып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Бұршақ жаууы да ықтимал.

Облыс орталығы Оралда да найзағай ойнап, жел тұрады, екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ескерту жариялап, тиісті шаралардың алынып жатқандығын хабарлады. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, күш-құралдар дайындыққа келтірілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде жел мектептің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар