БҚО-да кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтірген күдіктілерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, қанды оқиға кеше кешкісін Оралдағы П.Атоян стадионы маңында болып, бірнеше пышақ жарақатын алған ер адам қаза тапқан еді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1991 жылғы Руслан Қожантаев пен 2001 жылғы Тұрлан Амангелді іздестіріліп жатыр.


Бұл екеуі кеше шамамен сағат 19.55-те Исатай-Махамбет көшесі 15-мекенжайы тұсында кісі өлтірген соң іздерін суытқан.

«Қазіргі кезде күдіктілерді іздестіруге БҚО департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған. Олардың болуы мүмкін жерлері анықталуда. Аталған қылмыс департамент басшылығының айрықша бақылауында. Егер күдіктілердің қайда екені туралы ақпарат білетін адамдар болса, 102 немесе 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шалулары сұралады», деп хабарлады ведомстводан.

Әлеуметтік желіде сондай-ақ оқиға болған жер түсіп қалған бейнежазба тарап кетті. Онда қашып келе жатқан екі адам (біреуінің екі қолы қан) анық көрінеді.


Соңғы жаңалықтар