БҚО-да қарасора өсіріп, есірткі сақтағандар сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен қарасораны заңсыз өсіріп, есірткі сақтаған төрт бірдей тұрғын сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ю.Плотников, Г.Жолдықайыров, Д.Архипцов, П.Азанов алдын ала сөз байласып, өткен жылдың жазында Зеленов ауданы Красноармейское ауылынан сегіз шақырым жердегі орман алқабында құрамында есірткі заты бар қарасора өсіріп, жинаумен айналысқан. Ұсталған кезде олардан өздері тұтыну үшін сақтаған аса ірі көлемдегі 7926,04 грамм кептірілмеген марихуана табылды. Сонымен қатар оқиға орнын қараған кезде есірткі заттарына жататын 1440 қарасора бұтасы тәркіленді.

Сот үкімімен Ю.Плотников 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі «а, в» тармақтары, жаңа редакциядағы ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалған үшеуіне 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі «а, в» тармақтары, 259-бабы 1-1-бөлігі, ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеу белгіленді. Соған қоса Ю.Плотников, П.Азанов, Д.Архипцов мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделетін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар