+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

БҚО-да қараша айында 80-ге жуық нысан санитарлық талапты бұзған

2020 жылғы 20 қараша 15:38
Бөлісіңіз:
БҚО-да қараша айында 80-ге жуық нысан санитарлық талапты бұзған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мониторинг топтары қараша айында 78 нысанның санитарлық талапты бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жағдай күрделенсе, карантин режимін күшейтеміз - Бақытжан Сағынтаев Астанада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат берілді Павлодарда кальян барына келгендер тексерушілерден әжетханаға тығылған

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, осы мерзімде ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 123 хаттама толтырылды.

Соның ішінде көп адамның қатысуымен өткен 49 іс-шара тіркелді. Сондай-ақ бетперделік режимді сақтамаудың 37, түнгі сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 25, жұмыс режимін бұзудың 11 және қызметкерлерге термометрия жүргізбеудің 1 дерегі белгілі болды. Осы әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 7 млн астам теңге айыппұл салынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, 1-19 қараша аралығында облыста 619 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Осының 430-ы немесе 69,4 пайызы Орал қаласында анықталды. Сондай-ақ Бәйтерек (85 адам), Бөрлі (36), Теректі (18), Шыңғырлау (15) аудандарында індет көбейіп кетіп отыр.

Қарашада мемлекеттік шекарадан 15463 адам өтсе, соның 2790-ы – жолаушылар. Анықтамасыз өткен 283 жолаушының жетеуінен індет табылды. Сол секілді жүк тасымалдайтын 5402 жүргізушінің 2176-сында анықтама болмаған. Соның 20-сы коронавирус жұқтырған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 70-ке жуық баланың коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT