БҚО-да қараша айында 355 адам коронавирустан емделіп шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қараша айында 355 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, облыста осы кезге дейін 7 912 адам індет жұқтырды. Күні бүгін соның 7 188-і немесе 90,8 пайызы жазылып шықты. Осының 3 329-ы стационарда емделсе, 3859-ы амбулаторияда қабылдады.

Індет салдарынан 131 адам көз жұмды.

Г.Әбдірахманованың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 185 төсектік 4 карантин стационарында 46 адам жатыр. Ал 359 төсектік 7 инфекциялық стационарда 126 адам емделуде.

Соның ішінде 10-ы жансақтау бөлімшесінде. Бұлардың екеуі 40 пен 60, алтауы 60 пен 80 жас аралығындағылар болса, қалған екеуі – сексеннен асқандар. Бәрінің де қосымша созылмалы сырқаттары бар, 9-ы жүрек-қан тамырлары, біреуі қант диабетіне шалдыққан.

Сол секілді инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 5, оттегі концентраторына 9 науқас қосылған.

«Жалпы, облыс бойынша медициналық ұйымдар 195 өкпені жасанды желдету аппараты, 645 оттегі концентраторы, 1 063 оксиметр, 198 оттегі көзі, 425 Бобров аппаратымен қамтамасыз етілген. 7 цифрлық рентген аппараты сатып алынып, ковидті пневмонияны диагностикалау үшін аудандық ауруханаларға жеткізілді», деді Г.Әбдірахманова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қараша айында 100-ден астам нысанның санитарлық талапты бұзғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар