+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

БҚО-да карантин талаптарын бұзған 33 адамға 1,3 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 22 қыркүйек 22:30
Бөлісіңіз:
БҚО-да карантин талаптарын бұзған 33 адамға 1,3 млн теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1-20 қыркүйек аралығында санитарлық талапты сақтамаған 33 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім еткеніндей, осы мерзімде 33 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 375 110 теңгеге айыппұл салынды.

Өңірде мониторинг тобы мен полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде тұрғындардың бетперде режимін сақтамайтындығы, тыйым салынғанына қарамастан, отбасылық шараларды өткізуді тоқтатпағаны анықталды.

Мониторингтік топтың департаментке жіберген материалдары негізінде жеке қорғаныш құралдарының болмауы, бетперде режимін сақтамаудың 15, сондай-ақ көпшіліктің қатысуымен отбасылық шараны өткізудің 18 дерегі (үйлену тойы, туған күн, құдалық) бойынша хаттама толтырылды. Соған байланысты барлығына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыппұл салынды.

Мамандардың сөзіне қарағанда, соның ішінде тұрғындар 16 үйлену тойын, бір-бірден туған күн және құдалық өткізіп, бұларға 20-дан 50 адамға дейін қатысқан.

Департамент санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың соңы індеттің өршуіне соқтыруы мүмкін екендігін ескертіп, барлық алдын алу шараларын сақтауды өтінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО медицина ұйымдарында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT