БҚО-да қар құрсауынан 80-ге жуық автокөлік шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында кеше ТЖ департаменті қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан 79 автокөлік шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, барлығы 36 адам шығарылса, соның жетеуі - балалар. 6 адам құтқарылды, соның біреуі - бала.
null

Атап айтқанда, сағат 12-30-да Ақжайық ауданында Чапаев- Қазталов жолының 5-шақырымында жолдан түсіп кеткен «ГАЗель» көлігі шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.

Сағат 13-50-де Тасқала ауданында Орал-Тасқала жолында қарға батып қалған екі жеңіл көлікке (7 жолаушы) көмек көрсетілді.

Сағат 15-20-да Тасқала-Мерей жолында бес жеңіл көлік (16 адам) шығарылды.
null

Сағат 18-50-де Ақжайық ауданы аумағында Орал-Атырау жолының 305-шақырымында «Фольксваген Шаран» автокөлігі «Скания» жүк көлігімен түйіскен. Оқиға орнынан 2 азамат Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді.
null

Сағат 20-45-те Тасқала ауданында қар құрсауында қалған он жеңіл автокөлік (34 адам, жетеуі - бала) шығарылды.

Еске сала кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында қатты бұрқасынға байланысты барлық жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

null null

Соңғы жаңалықтар