БҚО-да «КамАЗ» автокөлігі өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында "КамАЗ" автокөлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 14.22-де Бөрлі ауданында болды.

«Ақсай-Орынбор» жолының 11-шақырымында "КамАЗ" автокөлігінің салоны өртенді.

Оқиға орнына 26-өрт сөндіру бөлімінен 7 адам 1 техникамен барды.

"Тілсіз жау" өрт сөндірушілер барғанға дейін ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар