БҚО-да іздеу жарияланған екі ер адамның бірінің денесі табылды
2021 жылғы 30 қараша 01:04

БҚО-да іздеу жарияланған екі ер адамның бірінің денесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында полиция іздестіріп жатқан екі ер адамның біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болды.

Осы ауылда тұрған 39 жастағы ер адам 25 қараша күні түнгі сағат 01.00-де үйінен шығып кетіп оралмаған.

Іздестіру іс-шаралары барысында марқұмның денесі 27 қараша күні ауыл маңында Жайық өзенінің жағасынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Ал Январцев ауылының 34 жасьтағы тұрғыны 23 қарашадан бері табылмай жатыр. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 57 адамға іздеу жарияланса, соның 8-і табылған жоқ.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT