Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 3 °С
Алматы: 26 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

БҚО-да інісі ағасын пышақтап өлтірді

2017 жылғы 9 қаңтар 16:13 4064
Бөлісіңіз:
БҚО-да інісі ағасын пышақтап өлтірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында 6 қаңтар күні қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудандық ішкі істер бөлімінен алынған алдын ала мәліметке қарағанда, 1989 жылғы Бекет Қожантаев алдымен жеңгесі Қарашашқа пышақ жұмсаған. Сол кезде арашаламақ болған өзінен бір жас үлкен ағасы Медетке төрт рет пышақ сұққан. Марқұм аудандық ауруханаға жеткенше жан тапсырған. Төрт айлық сәбиі бар жеңгесі қазір аудандық ауруханада емделуде.

Қазіргі кезде осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, арасы бір жас болғанымен, Медет пен Бекет мектепті бір жылда бітірген. Інісі жоғары білімді болғанымен, үш-төрт айдай үйінде жұмыссыз отырған. Бұрын олардың ашу-араздықтары байқалмаған.

Бір шаңырақты ортасына түсірген қайғылы оқиғадан кейін бүгін Медет жер қойнына тапсырылды.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат