БҚО-да инфляция деңгейі 100,9 пайызды құрады

None
None
ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы наурызда инфляция деңгейі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 100,9 пайызды құрады.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылдың қаңтар-наурызында азық-түлік тауарларының бағасы 1,5 %-ға өсті. Еттің бағасы 4,4 %-ға, соның ішінде шошқа еті - 0,9 %-ға, қой еті - 2,7 %-ға, жылқы еті - 6,2 %-ға, сиыр еті  8,8 %-ға  көтерілді.

Биылғы бірінші тоқсанда көкөністер бағасы - 2,2 %-ға, соның ішінде қызылша - 2,5 %-ға, сабақты пияз 7,1 %-ға төмендеді. Картоп 7,2 %-ға арзандады. Осы кезеңде ұн бағасы  0,9 %-ға, жарма - 1,5 %-ға, май және тоңмай 3 %-ға түсті.

Соңғы жаңалықтар