БҚО-да халықты ауыз сумен қамту деңгейі 90 пайызға жетеді – Ғали Есқалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі газдандыру және сумен қамту шараларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 36 ауылды газбен қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 99,5%-ды құрайтын болады», - деді өңір әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, 21 елдімекенді сумен қамту үшін 5,3 млрд теңге қарастырылған.

Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 90%-ға дейін өседі.

Сонымен бірге, Президент тапсырмасы аясында 250-ден астам тұрғыны бар 68 ауылда мобильді интернет жүргізілген.

«Бүгінгі таңда облыс халқының 96%-ы мобильді байланыспен қамтамасыз етілген. Дегенмен, ұялы байланыс пен интернеттің сапасы мәселесі әлі де бар. 2021 жылы ұялы байланысы жоқ халқы аз 95 ауылды ұялы байланыспен қамтамасыз ету мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз», - дейді өңір әкімі.


Соңғы жаңалықтар