БҚО-да хабарсыз кеткен студент төртінші күн іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен студент төртінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласында тұратын 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали 21 тамыз күні шамамен сағат 12.00-де Ақжайық ауданы Базаршолан ауылынан 8 шақырым жердегі Қыдырбай қыстағынан шығып кеткен.

Содан бері үйіне оралмаған. «Полицияға туыстары 22 тамыз күні шағым түсірген.

Бойы 160-170 см, арықша келген, шашы қара, қысқа, дөңгелек жүзді. Үстіне қара түсті спорттық киім, көк аяқкиім киген. Бұрын кетпеген. Ұялы телефонын үйге қалдырып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.

Студентті көрген-білген жан болса, 8-702-924-05-84, 8-702-378-02-66 телефонына хабарласуы сұралады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кейуана мен немересін ұрып-соққан мас тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар