БҚО-да хабарсыз кеткен 17 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр
2022 жылғы 29 сәуір 13:16

БҚО-да хабарсыз кеткен 17 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында хабарсыз кеткен 17 жастағы бозбала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Бәйтерек ауданы Дариян ауылының тұрғыны, биылғы 29 тамызда 18 жасқа толатын Александр Голохвастов өткен жылдың тамызында Орал қаласына оқуға шығып кеткеннен үйіне оралмаған.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, қаладағы №12 колледжде білім алатын А.Голохвастов оқу орнына бірде барып, бірде бармай жүреді. Үйіне анда-санда хабарласады. Қалада көрген адамдар болғанымен, нақты жүрген жері белгісіз. Анасы Сырым ауданы Алғабас ауылында, әкесі мен әжесі Дариянда тұрады.

«Анасы ұлын іздеп, соңғы кезде ғана полицияға жүгінген. Сондықтан іздеу жарияланды. Александрдың бойы 165-175 см, ішкі істер органдарында есепте тұрмайды. Бозбаланы көрген, қайда екенін білетін адамдар болса, 8(71134) 31-1-37, 31-1-45, 8-777-860-91-11, 8-771-181-10-10 телефондарына қоңырау шалулары сұралады», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз кеткен 16 жасар студенттің табылғанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT