БҚО-да газ құбырындағы өрт салдарынан 12 елді мекен газсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 04.08-де Зеленов ауданы Белес пен Переметный ауылдары ортасында «ИнтерГазОрталықАзия» АҚ Орал магистральды газ құбырлары басқармасына қарасты диаметрі 1200 мм жоғары қысымды газ құбырында өрт болғаны жөнінде БҚО ТЖ департаментіне хабар түскен.

Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, сағат 09.53-те өрт сөндірілді. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы оқиға салдарынан барлығы 12 елді мекен газсыз қалып отыр. Соның ішінде Зеленов ауданында әлеуметтік мекемелерге қоса 3444 абонент, 11855 адам «көгілдір отынды» тұтына алмауда. Сол сияқты көршілес Тасқала ауданының үш бірдей ауылында да осындай жағдай орын алды. Зеленов ауданында кешкісін, Тасқалада түске қарай газға қосу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар