БҚО-да эвакуатормен соқтығысудан қаза тапқан жүргізуші шетелдік болып шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  – Оралда бүгін түнде жол апатынан қаза тапқан ер адам шетел азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат 02.50-де болды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын, тағы бірі зардап шеккенін мәлім еткен еді. БҚО-ның Полиция департаменті ақпаратты кейінірек ұсынуға уәде еткен болатын.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, Өзбекстанның 31 жастағы азаматы Ю.Гагарин мен С.Датұлы көшелерінің қиылысында «Daewoo Nexia» автокөлігінің руліне ие бола алмай қалып, жолда тұрған «КамАЗ» қызметтік автокөлігімен (эвакуатор) соқтығысқан.  

Полиция қызметкері мінген эвакуатор бірер сағат бұрын ғана дәл сол қиылыста соқтығысып қалған өзге көліктердің бірін тиеп жатқан.

Жол апаты салдарынан шетелдік азамат жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

«Полиция қызметкері жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол арнайы техникаға секіріп мініп үлгірген. Арнайы техника жарық және апаттық жол белгісімен жұмыс жасап тұрған», - деді Полиция департаментінен. 

Соңғы жаңалықтар