БҚО-да еріген қар суы жолды басып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 наурыз күні Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінде болды.

Қардың күрт еруіне байланысты сағат 18.00-де Бисен ауылынан 18 шақырым жерде облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 192-шақырымында су (ені 5 метр, тереңдігі 3-5 см) жолдың үстіне шығып кеткен.

«Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Жергілікті атқарушы органдар (2 қызметкер, 1 техника) және полиция бөлімінің (1 қызметкер, 1 техника) күшімен кезекшілік ұйымдастырылды», - деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Осы маңнан өтіп жатқан жүргізушілер мен жолаушылар да судың жолды жырып кеткенін айтып, тұрғындарға сақ болу керектігін ескертіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар