USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

БҚО-да ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

2016 жылғы 2 қыркүйек 13:15
Бөлісіңіз:
БҚО-да ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылында 1 қыркүйекке қараған түні қайғылы оқиға орын алды.

Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Есқалиеваның айтуынша, осы елді мекендегі 1974 жылғы Бибігүл есімді әйелге Ақтау қаласынан өзі вахталық әдіспен жұмыс жасайтын Өтеген деген ер адам келіп тұрады екен (екеуінің 10 жаста қызы бар).
Осы жолы келгенде, әйел телефонмен сөйлесіп жатқан. «Мен келгенде, басқа біреумен сөйлесіп жатырсың» деген ер адам оның телефонын жұлып алып, Подстепный ауылында тұрған жүк көлігіне кетіп қалған. Содан кейін әйел учаскелік полиция инспекторына шағым түсіреді. Подстепныйдағы тірек пунктінде полиция инспекторы екеуін кездестіріп, татуластырады. Бірақ түнде келгенде, әйел ер адамды үйіне кіргізбейді. Соған ерегіскен ер адам үстіне бензин құйып, өртеп жібереді.

Оның Ақтау қаласында әйел, бала-шағасы, немерелері бар көрінеді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, 1 қыркүйекке қараған түні Әйтиев ауылынан 1965 жылғы ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оның денесінің 95 пайызын күйік шалған. Сондықтан қаншама көмек алғанымен, есін жия алмастан, кеше сағат 17.30-да көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның басқа да жай-жапсары анықталу үстінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT