БҚО-да ер адам 176 кг бекіре балығымен ұсталды

ОРАЛ.ҚазАқпарат –Батыс Қазақстан облысында бекіре балығын заңсыз тасымалдап бара жатқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицейлер Орал-Желаев тасжолында түнгі уақытта жүк көлігін тоқтатқан. Рульде Орал қаласының 48 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында көліктің кузовынан 176 кг бекіре тұқымдас балық анықталды. Ер адамның балықты тасымалдауға тиісті құжаттары болмаған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, БҚО-да 348 дана киік мүйізімен ер адам ұсталған болатын.
- Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеу жұмысын министрлік бақылауына алынды
- Оралда орыс театрында «Жәңгір хан» сахналанды
- Оралда дзюдодан республикалық турнир мәреге жетті
- БҚО-да «КамАЗ» көлігі өртеніп кетті
-
14 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
-
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам