+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

БҚО-да елді мекендерді су басу қаупі сейілген жоқ – ТЖД бастығы

2021 жылғы 8 сәуір 15:20
Бөлісіңіз:
БҚО-да елді мекендерді су басу қаупі сейілген жоқ – ТЖД бастығы

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді су басу қаупі сейілген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді Су тасқынынан Ақтөбеде тұрғындар эвакуацияланды Елордада күн сайын 30 мың текше метрге жуық су сорылады

БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстың өзендері мен су қоймаларында су жиналып жатқандықтан, Орал қаласы, Тасқала, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау және Бәйтерек аудандарында әлі қауіп бар екендігін мәлім етті.

Ал қалған аудандарда су басу қаупі төмен.

Жасұлан Қыдырғожаұлының сөзіне қарағанда, Ресейдің Саратов және Орынбор облыстарынан трансшекаралық өзендердің жай-күйі туралы күнбе-күн ақпарат алынуда.

«Приволжье гидрометеорология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы» федеральдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің болжамы бойынша биыл Жайық өзені тасыған кезде су деңгейі Орал мен Көшім бекеті тұсында 400-500, Тайпақ ауылы маңында 350-450 сантиметрге (қауіпті деңгей – 850 см) көтерілуі ықтимал. Сең 7-13 сәуір аралығында жүруі мүмкін.

Облыста барлығы 59 гидротехникалық құрылым болса, соның 28-і республикалық, 28-і коммуналдық, үшеуі жеке меншікке жатады. Тексеру қорытындысына сәйкес 15 гидроқұрылым жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді.

Күні бүгінге дейін елді мекендерден 984 мыңнан астам текше метр қар шығарылып, 90 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Мұз кептелісі болмас үшін Жайық, Деркөл, Шаған өзендерінде 91 мыңнан астам текше метр мұз ойылып, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды.

Облыс жолдарындағы 1578 тұрба толықтай тазартылды. Жолдарда су басып кетуі мүмкін 46 жер анықталып, бақылауға алынды.

7 сәуірден бастап ТЖ департаменті қызметкерлері күшейтілген режимге көшірілді. Су тасқыны кезінде күш-құралдардан 2591 адам, 734 техника, 45 жүзу құралы, 295 мотопомпа тартылмақшы. Облыс бойынша 170 эвакуациялық қосын әзірленді.

«Өңірде төтенше жағдайларды жою үшін резервте 1,5 млрд теңге қарастырылды. Күні бүгін 443 тонна жанар-жағар май, 88 мың қап, 22 мың тонна инертті материалдар дайындалды. Жарушылар бригадасын тарту үшін 6,820 млн теңгеге, аэровизуалды зерттеу жүргізуге ұшаққа 16,7 млн, қап алу үшін 2,895 млн теңгеге келісімшарт жасалды», деді Ж.Жұмашев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үйлерді су басу қаупі туындағанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT