БҚО-да екі күнде үш бала суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі күнде үш бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға Қазталов ауданы мен Орал қаласында орын алды.

10 шілде күні Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында Қараөзенге 2013 жылғы ер бала батып кетті. Ол шомылуға жабдықталмаған жерден түскен. Сағат 21.19-да жергілікті тұрғындар марқұмның денесін судан шығарып алды.null

Кеше сағат 16.12-де Оралда Елизаров көшесі ауданында 2006 жылғы ұл және 2008 жылғы қыз бала Жайық өзенінен шықпай қалды. Олар да шомылуға тыйым салынған белгіге қарамастан, суға түскен. Кейін екеуінің денесін құтқарушылар алып шықты.

Осымен биыл өңірде 24 адам суға кетсе, соның жетеуі балалар болып отыр.

БҚО ТЖ департаменті ата-аналардан балаларын суға түсуге жалғыз жібермеуді, қараусыз қалдырмауды өтінеді.

Соңғы жаңалықтар