БҚО-да екі көліктің соқтығысуынан 7 адам ауруханаға түсті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кейін жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 сәуір күні сағат 20.00-20.30 шамасында Орал-Подстепный жолы бойында болды.

Datsun және Chevrolet Niva автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан сол маңда автокөлік кептелісі болып, полиция қызметкерлері келгеннен кейін қозғалыс реттелген.

Ауруханаға жеті адам жеткізілсе, соның бесеуі ауыр дене жарақатын алған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар