Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

2019 жылғы 17 маусым 17:43 898
Бөлісіңіз:
БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешке қарай Орал-Кирсанов жолы бойында болды.

Сағат 18.30 шамасында 1958 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21110» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның кесірінен «ВАЗ-21140» автокөлігімен түйісуге жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам  ауруханаға жеткізіліп, соның екеуі емханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде Бәйтерек ауданы Дариян полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша,  61 және 28 жастағы ер, 55, 33 және 22 жастағы әйел адамдар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Демалыс күндері өңірде жедел жәрдем шақырылған барлығы 7 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 21 адам зардап шекті. Соның екеуі Орал-Атырау, бір-бірден Орал-Кирсанов, Ақсай-Федоров жолдары бойында орын алды. Қаза тапқандар жоқ», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы жол апатынан әйел адамның ауыр жарақат алғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT