БҚО-да екі адам суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиғаның бірі Бәйтерек ауданында орын алды.

Кеше сағат 09.45-те Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Петров елді мекенінде Ембулатовка өзенінен 1964 жылғы ер адамның денесі шығарылды. Ол 22 маусым күні суға шомылуға жабдықталмаған жерден мас күйінде түсіп, сағат 21.45-те батып кеткен.

Сондай-ақ 23 маусым күні Орал қаласында Вишенка-3 саяжай қоғамында 1966 жылғы азамат та Шаған өзеніне суға шомылуға жабдықталмаған жерден түсіп, сағат 16.00-де батып кеткен. Оның мүрдесін құтқарушылар сағат 20.00-де алып шықты.

Өңірде биыл осымен 20 адам суға кетсе, соның төртеуі балалар болып отыр. Атап айтқанда, Оралда - 8, Ақжайық пен Бәйтерек ауданында - бесеуден, Қаратөбе мен Сырымда бір адамнан суға кетті.

2009-2018 жылдар аралығында 260-тан астам адам (соның 70-тен астамы - жасөспірімдер) «тілсіз жаудың» құрбаны болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын балық аулауға кеткен оралдықтың мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Облыста соңғы күндері күн қатты ысып кетті. Соған байланысты суға шомылушылар да көбейді. Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалар суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан болып жатыр.

Соңғы жаңалықтар