+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

БҚО-да егілуге жататын тұрғындардың 60 пайызға жуығы вакцина салдырды

2021 жылғы 16 қыркүйек 15:28
Бөлісіңіз:
БҚО-да егілуге жататын тұрғындардың 60 пайызға жуығы вакцина салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 213 718 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 1459 адам коронавирустан жазылды Қазақстанда бір тәулікте 1642 адамнан коронавирус анықталды Грузияда коронавирустың бесінші толқыны басталды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде барлығы 360 мың тұрғын егілуі керек болса, соның 59,4 пайызы вакцина қабылдады.

Соның ішінде 183 079-ы (50,9 пайыз) екінші компонентті де алып үлгерді.

Аумақтық өзгерістер бойынша Жәнібек ауданы алда келеді.

Мұнда 8285 тұрғынның 6093-і (73,5 пайызы) бірінші, 5428-і (65,5 пайызы) екінші компонентті қабылдады. Сондай-ақ егілу деңгейі Тасқала ауданында да жоғары (сәйкесінше 68,9 және 60,6 пайыз).

Облыс орталығында 112 629 адам (52,3 пайыз) бірінші, 96 657-сі (44,9 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Департамент мәліметіне қарағанда, кеше облыс бойынша 770 адам егілді.

Өңірде 3020 студент егілуі тиіс болса, ол артығымен орындалып отыр. Яғни күні бүгін 5635 студент (186,59 пайыз) бірінші, 4583-і (151,75 пайыз) екінші компонентті қабылдады.

Сондай-ақ 16371 педагог (104,28 пайыз) бірінші, 14490-ы (92,30 пайыз) екінші компонентпен егілді.

Вакцинация басталғаннан бері облысқа барлығы 510 720 доза (275 080-і – І, 235 640-ы – ІІ компонент) вакцина жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 310 адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT