БҚО-да демалыс және мереке күндері сұлулық салондары мен шаштараздар жұмыс істейтін болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім еткеніндей, 18 қыркүйектен бастап театрлар өз қызметін қайта бастайды.

Ол үшін InfoKazakhstan.kz порталында тіркелуі, толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 адамнан аспауы тиіс. Сондай-ақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрларға жұмыс жасауға рұқсат берілді.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер бар жағдайда) қызметкерлерінің кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс жасап, жиналыс, кеңес, семинар, конференциялар селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілуі керек.

Сауда үйлері мен орталықтары (павильон, бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар жұмысы санитарлық талапты сақтай отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ұзартылды.

Қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін) ашық ауада (жазғы алаңдар) және үй-жайда ұжымдық іс-шараларды өткізбей (50 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат

етілді.

Балалар түзету кабинеттері, балаларға арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар),

жазылу бойынша, сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету нысандары: автожуу, ТҚКС, автокөліктерді жөндеу – сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, тұрмыстық

техниканы жөндеу және басқалары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің (оның ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттер мен дәріханаларды қоспағанда), жабық азық- түлік және азық-түлік емес базарларының қызметі демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұрынғыша тоқтатыла тұрылады.

Дегенмен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық іс- шараларды сақтай отырып, мына нысандар қызметіне демалыс және мереке күндері рұқсат берілді:

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде, алдын ала жазылу бойынша);

- фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, жаттығу залдары, спорт кешендері, СПА-салондары, сауналар, бассейндер (толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 50 адамнан артық емес, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, алдын ала жазылу бойынша);

- ашық ауадағы аттракциондар (маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);

- діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Қазіргі таңда өңірде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты.

Облыста 17 қыркүйек күні 3 адамның індетке шалдыққаны тіркелсе, соның біреуі Бөрлі ауданынан, екеуі – Бәйтеректен.

Күні бүгінге дейін барлығы 6833 адам ауырса, соның 6537-сі жазылып шықты. 102 науқас індеттен көз жұмды.

Сырқаттанушылықтың өсімі 17 қыркүйекте 0,08 пайызды көрсетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Федоров ауылында карантин жарияланғанын, өңірде емханаға өз еркімен тіркелу науқанының басталғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар