БҚО-да дәрігерлер ота жасап, жас ана мен сәбилерінің өмірін сақтап қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында дәрігерлер ота жасап, жас ана мен оның сәбилерінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 қыркүйек күні болды.

Орал қаласынан ең шалғайда орналасқан Бөкей ордасы ауданы орталық ауруханасында жүкті әйелдің толғағы келіп қалғандығы жөнінде Жаңақала аудандық орталық ауруханасына хабар түскен.

БҚО жедел жәрдем станциясынан мамандар келгенге дейін Жаңақала аудандық ауруханасының басшысы, хирург Сержан Есенгөбеков, хирург Азамат Дияров, анестезиолог Дәурен Көкенов, оның көмекшісі Қожамберді Жұмагелдин шұғыл жолға шықты.

Сағат 22.00-де шыққан дәрігерлер Сайқын ауылына 02.00-де жеткен бойда күрделі отаға кірісті.

Жас келіншекке кесарь тілігімен жасалған ота екі сағатқа созылды. Соның нәтижесінде дәрігерлер анасы мен оның қос бірдей шақалағының (екеуі де ұл) өмірін арашалап қалды.

Күзгі лайсаңға қарамастан, жол шеккен дәрігерлер өз борыш-міндеттерін абыроймен орындап, оралды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тренажер сымына оралып қалған баланың жансақтау бөліміне түскенін жазған болатынбыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала есін жиғанымен, жағдайы әлі де ауыр. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды.

https://kaz.inform.kz/news/oralda-trenazher-symyna-oralyp-kalgan-bala-zhansaktau-bolimine-tusti_a3841034


Соңғы жаңалықтар