+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

БҚО-да далада қалып қойған автокөліктер құтқарылуда

2021 жылғы 23 ақпан 14:35
Бөлісіңіз:
БҚО-да далада қалып қойған автокөліктер құтқарылуда

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында далада тұрып қалған автокөліктерге көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда үш жеңіл көлік қар құрсауында қалды Оралда балалар мінген 2 мектеп автобусы қар құрсауында қалды 7,5 мың теміржолшы пойыз жолдарын қардан тазартуда

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғашқы хабарлама бүгін сағат 03.30-да түскен. «Саратов-Орал» тасжолы бойында, Тасқала ауданы Мерей ауылы тұсында ВАЗ-2114 автокөлігінің қар құрсауында қалған.

Шақырту орнына жеткен 15-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 23 жастағы жігітті жылыту орнына жеткізді.

Сондай-ақ сағат 05.47-де Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылы тұсында Газель автокөлігінің тұрып қалғаны жөнінде мәлімет түскен. Жедел құтқару жасағы 6-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері автокөлікті шығарды. Машинаның ақаулығына байланысты жүргізуші жылыту пунктіне жеткізілді.

Сағат 09.27-де Тасқала ауданы Бірлік ауылы маңында Mitsubishi автокөлігі ауа райының нашарлауына байланысты істен шыққан. 15-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 49 және 42 жастағы жолаушыларға көмек көрсетіп, оларды да жылыту пунктіне жеткізді.

БҚО ТЖ департаменті қыс кезінде жолдарда жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады. Жолдардың жағдайы туралы «Дәрмен» мобильдік қосымшасынан білуге болады. Құтқарушылар көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарласу керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT