БҚО-да «Crown Batys» мал бордақылау кешені қалпына келтірілмек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында «Crown Batys» мал бордақылау кешенін қалпына келтіру көзделуде. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумының алаңында БҚО әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өткен шара барысында Батыс Қазақстандағы мал бордақылау орны мен ет комбинатын жандандыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне А.Көлгіновпен бірге «Dunbia» комбинатының негізін қалаушысы Роберт Джон Добсон (Ұлыбритания), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов пен «Қазақстан ет одағы» ЖКЗТБ-ның бас директоры Мақсұт Бақтыбаев қатысты.

Кездесу барысында өңір басшысы ауыл шаруашылығы, әсіресе, мал шаруашылығын өркендетуде аймақтың әлеуеті  өте жоғары екендігін атап өтті.

«Біз  «Crown Batys» мал бордақылау кешенін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын боламыз. Инвестор аймаққа  қаржы құяды, біз ет және ет өнімдері нарығын дамыту мен экспортқа шығару үшін барлық жағдайды жасаймыз», - деді Алтай Көлгінов.

nullnull

Соңғы жаңалықтар