БҚО-да COVID-19 жұқтыру екі есеге азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтыру деңгейі азайды. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жіті бақылауда. Соңғы аптада 658 жұқтыру фактісі анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 9%-ға азайды. Облыстың екі ай бойы қызыл аймақта орналасқанын ескере отырып, аудан тұрғындарының облыс орталығына келуін азайту үшін 1 мамырдан бастап 14 күн бойы Орал қаласы мен қызыл аймақта орналасқан 6 аудан периметрі бойынша блок бекеттер орнатылды», - деді Ғ. Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, бұл шаралар облыс орталығына тұрғындар ағынын 35%-ға азайтуға және бұқаралық іс-шаралардың өтуіне жол бермеуге көмектескен.

Нәтижесінде, сәуір айында ауру көрсеткіші тәулігіне 200-250-ден тіркелсе, мамыр айында – 90-100 жағдайға дейін төмендеген.

«Мониторинг топтары 1 мамырдан бастап 179 рейд жүргізді, 965 нысан тексерілді. Жоғарыда атап өткенімдей, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу үшін Үкімет бірқатар шара қабылдады, соның арқасында жағдай бақылауда ұстап отырмыз», - деді Ғ. Есқалиев.


Соңғы жаңалықтар