БҚО-да бұрын сотталған, нашақор ретінде есепте тұрған ауыл тұрғыны героинмен ұсталды

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 14 сәуір күні БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлері ҰҚК БҚО бойынша департаментімен бірлесіп,

нашақор ретінде есепте тұрған, бұрын сотталған Зеленов ауданы Январцев ауылының 39 жасар тұрғынын қолға түсірді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күдіктіні тінту барысында 13 полимерлік орамаға салынған ұнтақ зат тәркіленді. Ол сараптама қорытындысына сәйкес 8,8 грамм героин екендігі белгілі болды. Героин есірткінің аса күшті түрі болып есептеледі.

Бұдан бұрын Орал қаласының 40 жасар әйел тұрғыны 3,41 грамм марихуанамен тұтылған болатын.

Соңғы жаңалықтар