БҚО-да бұрқасын көтерілетіні жөнінде ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, 25 қаңтар күні өңірдің кей жерлерінде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.

БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында СМС хабарламалар таратуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болатынын, Оралда күннің суытуына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар