БҚО-да бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды.

2 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00 шамасында ауыл шетінде тұратын екі тұрғынның, бірінің 18, екіншісінің 7 қойын иттер өлтіріп кеткен.

Иттің иесі анықталған жағдайда хаттама толтырылады.

Өткен жылдан бері бұралқы иттерді атуға тыйым салынғаны белгілі. Қазіргі уақытта, әсіресе, ауылдық жерлерде бұралқы ит, мысықтардың көбеюі күрделі мәселеге айналып отыр.


Соңғы жаңалықтар