БҚО-да браконьерлік үшін бостандығы шектелген адам мемлекетке 16 млн теңге төледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында браконьерлік әрекеті үшін бостандығы шектелген адам мемлекетке келтірген шығынын толық өтеп, бостандыққа шықты. Осы мақсатта ол өзінің иелігіндегі бар малды сатып жіберген деп хабарлайды ҚазАқпарат БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментке қарасты пробация қызметінің өкілдері қоғамнан оқшауланбаған, тек бостандығы шектелген адамның осыншама ірі көлемдегі шығынды өтеуі тұңғыш рет болып отырған оқиға екенін айтады.

«Қылмыстық құқық бұзғаны үшін екі жыл бас бостандығы шектелген адам мемлекетке 16 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеуге шешім қабылдады. Оның жазаны өтеу кезеңінде зиянды құқық бұзушылықтар жасамағанын, мемлекетке келтірілген зиянды толығымен өтегенін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында көзделген жазаны өтеудің нақты мерзімін өтегенін ескере отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулы қабылданды. Қаулы заңды күшіне енді», - дейді БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов.

Жазасын өтеуші Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтардың бірінің басшысы болған екен. Ол шығынды өтеу үшін барлық сиыры мен жылқысын сатып жіберген.


Соңғы жаңалықтар