БҚО-да браконьерлер 45 киікті атып өлтіріп, өлексесін далаға тастап кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында заңсыз атып өлтірілген 45 киіктің ұшасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті мәлім еткендей, оқиға 5 ақпан күні Жаңақала ауданында орын алған.
БҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары рейд кезінде шамамен бір апта бұрын атып өлтірілген 45 киіктің ұшасын тапты. Сондай-ақ 25 киік сүйегінің қалдықтары табылды.
Оқиға орнына Жаңақала ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды.
Осыған ұқсас оқиғалар 24 және 30 қаңтар күндері де орын алған болатын. Онда атып өлтірілген 71 киіктің өлексесі табылған еді.
Аталған браконьерлік деректері бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының киік мүйізімен ұсталғанын жазған болатынбыз.
- Қытайда жер астында қалып қойған кенші екі аптадан соң құтқарылды
- Семейде полицейлер 4 адамды өрттен құтқарды
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
-
Қызылордада көліктері қар құрсауында қалған алты аңшы құтқарылды
-
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам