БҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Тасқала-РФ шекарасы» жолында бүгін жергілікті сағат 17.30-дан бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл Тасқала ауылынан (76 км - 104 км) РФ шекарасына дейінгі аумақты қамтиды.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар «Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы» (0-159 км) жолы да жабылды.

«Осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында СМС хабарламалар жіберіліп, тиісті шаралар алынуда», деп хабарлады БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жел күшейіп, боран соғатыны жөнінде жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар