БҚО-да боранда жолда қалған ресейлік азаматтар құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранда жолда қалған ресейлік азаматтар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 ақпан күні сағат 15.14-те Қаратөбе ауданы аумағында болды.
Саралжын-Қаратөбе жолында, аудан орталығы Қаратөбеден 20 шақырым жерде 4 қызметкер, 1 техниканың күшімен үш бірдей «ГАЗель» жүк көлігі қар құрсауынан тазартылған жерге шығарылды. Көліктерде 7 адам болған, олардың төртеуі - Ресей азаматтары.

Биыл жыл басынан бері 6 ақпан күнгі мәлімет бойынша 198 техника қар құрсауынан босатылып, 223 адам құтқарылды. 168 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ тұрғындарға 68 СМС хабарлама жіберілсе, соның 10-ы ауа райының бұзылатыны жөнінде, 58-і жолдардың жабылғаны туралы ескерту.
Еске сала кетейік, бүгін Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.


null



Соңғы жаңалықтар