БҚО-да бөлшек сауда көлемі 31,7 млрд. теңгеге жетіп, 15,4 пайызға өсті

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда бөлшек сауда көлемі 31,7 млрд. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғы үш айдағыдан 15,4 пайызға көп. Бірінші тоқсанда сауда кәсіпорындары 12,0 млрд., базарлардағы сатушылар мен сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 19,7 млрд. теңгенің бөлшек тауарын өткізді. Ірі және орта кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің (17,2%), шағын кәсіпорындар - 6,5 млрд. теңгенің (20,5%), жеке кәсіпкерлер -13,5 млрд. теңгенің (42,7%), базарлар  6,2 млрд.теңгенің (19,6%) тауарын сатты.

Соңғы жаңалықтар