БҚО-да бірінші тоқсанда 405,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

None
None
ОРАЛ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 405,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылдың үш айымен салыстырғанда, 98,3 пайызды құрайды. Өнімнің дені кен өндіру саласының үлесіне тиеді. Мұнда 376,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, газ конденсатын өндірудің 1,9 пайызға азаюына байланысты 99,6 пайызды құрады. Есесіне табиғи газ өндіру 11,0 пайызға өсті.

Өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі - 18,5 млрд. теңге. Мұнай өнімдерінің 65,3, металлургия өнімінің 24,8 пайызға қысқаруы есебінен бұл саладағы өнім көлемі 19,6 пайызға төмендеді. Дегенмен резеңке және пластмасса бұйымдары - 2,8, машина жасау - 2,2, өзге металл емес өнімдер - 1,9, сусындар, дайын металл бұйымдары 1,3 есеге, азық-түлік тауарлары - 14,9, киім тігу 3,7 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар