БҚО-да бір отбасыдан 3 ұрпақ өкілдері дауыс берді

None
Фото: Жұмажан Ғұмаров
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында Қажығалиевтер отбасы тегістей дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жігербай Қажығалиевтің айтуынша, бүгінгі сайлауда бір отбасыдан үш ұрпақ өкілдері өз таңдауларын жасады.

Оның сөзіне қарағанда, өзінің жасы 76-да болса, зайыбы Мәруа 75-те. Ұлы Оразбай 55-те, келіні Маржан 50-де, қыздары Гүлсана, Гүлжанат, Гүлмира да солар қатарлас. Оған қоса немерелері Ернар мен Дана да дауыс берді.

Барлығы үш ұл, үш қыздан тараған 14 немере, 14 шөбере көріп отырған, еңбек жолында ұстаздық етумен қатар ауылдық округ әкімі қызметін де атқарған Жігербай қария – бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

«Біздің отбасымызда демократиялық үрдіс орныққан деп айтуға болады. Даусыңды анаған бер, мынаған бер деп айтқан емеспіз. Әркім өз таңдауын жасады. Ең бастысы, бізге Қазақстанымыздың қарыштап дамығаны керек. Елдің ішкі және сыртқы саясаты дұрыс болып, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иық теңестірсек, одан артық абырой жоқ», деді ҚазАқпарат тілшісіне Жігербай Қажығалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елдің батысында тұрғындар сайлауда өз таңдауын жасап жатқанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысында 70 жастағы қария өз таңдауын жасады.


Соңғы жаңалықтар