БҚО-да бір күнде жол апатынан 2 адам көз жұмды

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде болған екі жол апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиғалардың бірі 4 желтоқсан күні Тасқала ауданында болды.

Шамамен сағат 01.20-да Тасқала-Атамекен жолының 36-шақырымында 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21074» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Соның салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.

Тағы бір оқиға кеше Бәйтерек ауданы аумағында Кирсанов-Орал жолының 43-шақырымында Рубежин ауылы тұсында болды.

Шамамен сағат 07.30-да 24 жастағы жүргізуші «Лада-2107» автокөлігімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан 59 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ГАЗ-53» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада-217» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Осы көлікте отырған 1998 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді.

«Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Бәйтерек ауданында болған оқиғадан зардап шеккен 24 жастағы қыз ауыр жарақат алмаған, ол Тасқала аудандық ауруханасына түсті. 47 жастағы әйел де жеңіл жарақат алған.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар