+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

БҚО-да бір күнде үш адам жол апаттарынан мерт болды

2019 жылғы 2 қазан 14:22
Бөлісіңіз:
БҚО-да бір күнде үш адам жол апаттарынан мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір күнде үш адам жол апаттарынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш оқиға да 1 қазан күні тіркелді.

Кеше Тасаншеген-Сарыөмір жолының 14-шақырымында Теректі ауданы Қандық ауылының тұсында «ВАЗ-21099» автокөлігі трактор тіркемесімен түйісті.

«МТЗ-80» тракторының 1959 жылғы жүргізушісі пішен тиелген тіркемесінің жолдың қарсы бетіне шығып кетуіне жол берген. Соның салдарынан жеңіл көліктің 1981 жылғы жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Сол секілді сағат 19.40 шамасында Зачаган кентінде тұрған 1974 жылғы жүргізуші «Рено Сандеро» автокөлігімен Тасқала-Орал жолының 18-шақырымында рульге ие бола алмай, аударылып қалған. Бұл жүргізуші де алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің ер адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз. 1997 жылғы жүргізуші «Volkswagen Golf» автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жасы 40-50-лердегі ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде мерт болды.

Осы үш оқиға бойынша да ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, облыста биылғы тоғыз айдың ішінде 226 жол-көлік оқиғасынан (өткен жылы осы мерзімде – 251) 78 адам (88) қаза тауып, 294 адам (283) жарақат алды.

https://www.inform.kz/kz/oralda-avtokolik-er-adamdy-kagyp-ketti_a3571303

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT