+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шықты

2021 жылғы 22 маусым 20:20
Бөлісіңіз:
БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте індет жұқтырған 13 науқас тіркеліп, 138 адам коронавирустан сауығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған әйел «Шарбақты» бекетінен өтуге әрекеттенген БҚО-да соңғы төрт тәулікте 260 адам коронавирус жұқтырған Көкшетау тұрғындарының 57 пайызы коронавирус вакцинасын салдырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,4 пайызға (44 науқасқа) төмендеді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 14880 адамнан коронавирус табылып, соның 9910-ында ауру белгілері байқалса, 4970-сінде симптом болмаған.

Науқастардың дені, яғни 55,6 пайызы (8275) Орал қаласы, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркелді.

Қазіргі таңда облыста 442, соның ішінде Орал қаласында 364 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатса, соның 35-і жансақтау бөлімінде.

Пандемия басталғаннан бері өңірде коронавирус жұқтырған 24101 адамның 19356-сы емделіп шықты. 361 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 34 науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT