БҚО-да бір күнде 1440 жол ережесі бұзылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Автобус» шарасы барысында 12 ақпан күні 1440 жол ережесін бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 460 жүргізуші рульде отырып, телефон мен радиостансаны пайдаланған. 191-і жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 138-і мемлекеттік және міндетті техникалық байқаудан өтпеген. 29-ы жаяу жүргіншіні өткізбесе, 8-і автобусты заңсыз жабдықтаған. Бір адам рульге мас күйінде отырса, 9-ы жасырын жолаушы тасыған.

Сонымен қатар 9 автобус жүргізушісінің тиісті құжаттары болмаса да, халықаралық бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысқаны анықталды.

Бес дерек бойынша БҚО көліктік бақылау инспекциясының шешімдері қабылданып, соның ішінде үш көлік құралының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қоса БҚО ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірге Самара-Шымкент күре жолы бойында сынып қалған халықаралық бағытта жүретін екі автобус жүргізушілеріне көмек көрсетіліп, 75 шетелдік азамат Сырым ауданының таяу маңдағы елді мекендеріне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар