БҚО-да бір күнде 100-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 93 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, жыл басынан бері 351 адамнан вирус табылса, соның 14-і – балалар.

Пандемия басталғаннан бері сырқаттанғандар саны 40 421-ге жетті.

Облыста COVID-19 диагностикасы бойынша 14 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте 1774 зерттеу жүргізілді.

Күні бүгін 504 төсектік 8 инфекциялық стационарда жатқан 58 науқастың үшеуі ауыр халде. Олардың біреуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, екеуі инвазивті емес осындай құрылғыға қосылған.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 257 350 адам (егілуге жататын тұрғындардың 62,1 пайызы) вакцинаның бірінші, 244 349-ы (59 пайыз) екінші компонентімен егілді.

Облыс бойынша 21 923 адам ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ 5941 адам Pfizer вакцинасын салдырса, соның 3148-і – жасөспірімдер, 205-і – жүкті, 2588-і – бала емізетін әйелдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 6 мыңға жуық адамның Pfizer вакцинасын салдырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да алғаш рет жаңа аппаратпен күрделі көз отасы жасалды.



Соңғы жаңалықтар